Беларусь маманы «Қызылжардың» бас бапкері болып тағайындалды
bel.football
Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы бас бапкер қызметіне Беларусь маманы Александр Бразевичтің тағайындалғанын ресми түрде жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Александр Бразевич – тәжірибелі бапкер. Ол бұған дейін Литва мен Беларусь клубтарында жұмыс істеген. Литвада «Таурас» пен «Жальгирис» командаларын басқарса, Беларусьте «Динамо-Брест», «Слуцк», «Смолевичи» және «Торпедо» ұжымдарымен жұмыс істеген. Бразевич өзінің мансабында бірнеше маңызды жетістіктерге қол жеткізген. 2007 жылы литвалық «Каунас» командасының бапкерлер құрамында жүріп, екі мәрте Литва чемпионы атанып, ел Кубогын және екі рет УЕФА Чемпиондар лигасына қатысқан.
Бапкердің соңғы жұмыс орны бресттік «Динамо» болды. Биыл оның жетекшілігімен команда Беларусь чемпионатында 4-орында тұрды және медаль үшін күресті жалғастырып жатқан еді. Алайда маусымның аяқталуына алты тур қалғанда, Бразевич қызметінен босатылды.