Оралхан Өміртаев БАТЭ жанкүйерлерімен қоштасты
Футбол
КФФ
Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусьтің БАТЭ клубындағы мансабын аяқтап, жанкүйерлерімен қоштасу хатын жазды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұған дейін клуб ойыншының кететінін ресми түрде хабарлаған болатын.
“Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет! Сіздер ұлы клубтың ең керемет және адал жанкүйерлерісіздер! Әрқайсыңызға соңғы бес айдағы қолдауларыңыз үшін шексіз алғыс айтамын!” – деп жазды Өміртаев әлеуметтік желіде.
26 жастағы шабуылшы 2024 жылы Беларусь чемпионатында ойнады. Маусымның алғашқы жартысын “Слуцк” сапында, ал екінші бөлігін БАТЭ командасында өткізді.
Өміртаев жыл бойы Беларусь турнирлерінде 29 матчқа қатысып, 10 гол соқты.