Ақтауда болған ұшақ апатынан жас футболшы қаза тапты

Ақтауда болған ұшақ апатынан жас футболшы қаза тапты
Басқа

Report.az

Ақтау қаласының маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың бірі жас футболшы болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Report агенттігінің мәліметінше, 13 жастағы Мұхаммедәлі Еғанов Бакудегі “Гянджлик” футбол клубында ойнаған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines-тің Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 62 жолаушы болған: 37 Әзірбайжан, 16 Ресей, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматтары және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам, соның ішінде үш бала аман қалды.