Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Теннис
KTF
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Әлемдік рейтингте 337-орында тұрған отандасымыз жарыстың 1/8 финалында Жапонияның өкілі Анри Нагатамен кездесіп, 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Қарсыласы әлемдік рейтингте 991-орында тұрғанына қарамастан, Құламбаеваның шеберлігі матч барысында айқын байқалды.
Айта кетейік, енді отандасымыз жартылай финалға жолдама алу үшін индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен күш сынасады. Приска қазіргі таңда әлемдік рейтингтің 401-сатысында орналасқан.