Теннисші Заңғар Нұрланұлы Латвияда өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис
Федерация баспасөз қызметі
Латвияның Айзкраукле қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы J100 Aizkraukle турнирі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
ITF жасөспірімдер рейтингінде 77-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы финалда Нидерланд спортшысы Хайде Шонмарксты (ITF Juniors рейтингінде 165-орында) 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Өткен жылы дәл осы турнирдің финалдық кезеңінде қазақстандық спортшы өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді.
16 жастағы Заңғар үшін бұл 2024 жылы ITF Juniors турниріндегі үшінші, ал мансабындағы бесінші жекелей титулы.