«Елімай» Кореяның екінші лигасында ойнайтын сербиялық ойыншыны қатарға қосты

«Елімай» Кореяның екінші лигасында ойнайтын сербиялық ойыншыны қатарға қосты
Футбол

ФК “ Сувон Блюуингз”

«Елімай» футбол клубы сербиялық кәсіпқой футболшы, дриблинг шеберлігімен танымал Фейсал Муличпен келісімшарт жасасты, леп хабарлайды BasSport.kz.

 «Елімай» футбол клубының мәліметіне сүйенсек ойыншы, 2024 жылғы маусымын К Лига 2-де «Сувон Блюуингз» сапында 35 ойында 10 гол авторы атанған сұңғақ бойлы (2.03 м құрайды) шабуылшы 2023 жылы Оңтүстік Корея біріншілігінің жоғары лигасында да өнер көрсеткен. Аталған лигада 22 ойын өткізіп 4 гол соқты. 

 Футболдағы мансабын 2012 жылы өзінің туған қаласының клубы «Нови-Пазар» сапында бастады. 2015 жылы Сербия ұлттық #U21 құрамасына енді. Сол жылы Германияның «Мюнхен 1860» клубына шақырту алып Германия кубогінде 1 гол соғып үлгерді. 2020-21 жылғы маусымда Босниялық «Вележ» сапында 19 ойында 9 гол авторы атанып УЕФА конференциялар лигасында ойнап тәжірибесін шыңдады.

“Өткір шабуылдарыңмен жанкүйерлердің көзайымы болуыңа тілектеспіз. Елімайға қош келдің!” - деді «Елімай» футбол клубының баспасөз қызметі.