ФИФА 2024 жылдың үздік футболшысын жариялады
Футбол
Әлеуметтік желі
«Реал Мадрид» клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор 2024 жылдың үздік футболшысы атанды. Бұл туралы FIFA The Best марапаттау рәсімінде хабарланды, деп жазады Bassport.kz
Дауыс беру нәтижесінде Винисиус келесі қарсыластарын артта қалдырды:
Джуд Беллингем, Килиан Мбаппе, Даниэль Карвахаль, Федерико Вальверде (барлығы — «Реал» Мадрид);
Лионель Месси («Интер Майами»);
Ламин Ямаль («Барселона»);
Эрлинг Холанд, Родри (екеуі де — «Манчестер Сити»);
Флориан Вирц («Байер»);
Тони Кроос.
Аталған марапат 2023 жылдың 21 тамызы мен 2024 жылдың 10 тамызы аралығындағы ойыншылардың жетістіктерін ескерді.
Жеңімпаз ұлттық құрамалардың капитандары мен бапкерлері, жанкүйерлер және БАҚ өкілдерінің дауыс беруі арқылы анықталды.