BasSport.kz AWARDS – 2024: Жылдың үздіктерін бірге таңдайық!

BasSport.kz AWARDS – 2024: Жылдың үздіктерін бірге таңдайық!
Басқа

BasSport.kz AWARDS – бұл 2024 жылғы қазақстандық спорттағы ең үздік жетістіктерді анықтайтын ерекше жоба. 

Мұнда ел спортсүйер қауымы үздік спортшылар мен командаларды таңдап, өз пікірін білдіре алады.

Марапаттау номинациялары:

Жылдың үздік спортшысы

Жылдың үздік командасы

Жылдың үздік бапкері

Жылдың үздік спортшысы (әйелдер)

Жыл жаңалығы

Жылдың үздік пара спортшысы

Дауыс беру қалай өтеді?

Барлық дауыс беру процесі BasSport.kz Telegram арнасында ұйымдастырылған. Сізге тек арнаға кіріп, өз фаворитіңізге дауыс беру жеткілікті!

Дауыс беру 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Сондықтан өз таңдауыңызды жасауды ұмытпаңыз!

Номинацияға үміткерлер:

Жылдың үздік спортшысы

Никита Михайлис – «Металлург» құрамында Гагарин кубогын жеңіп алды.

Нұралы Әліп – «Зенит» құрамында Ресей чемпионы және кубок иегері атанды.

Біржан Оразов – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, команда 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Демеу Жадыраев – 34 жасында грек-рим күресінен Олимпиадада күміс медаль иеленді.

Елдос Сметов – 31 жасында дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды, Париж-2024 ойындарындағы Қазақстанның жалғыз алтыны.

Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасында гимнастикадан күміс медаль алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдегер атанды.

Нұрбек Оралбай – 81 кг салмақта бокстан Олимпиада күміс жүлдегері.

Нұрқожа Қайпанов – Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы екінші әлем чемпионы.

Ризабек Айтмұхан – 97 кг салмақта 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы.

Жылдың үздік командасы

«Қайрат» ФК – 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы.

Футзалдан Қазақстан құрамасы – Әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Хоккейден Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының жеңімпазы.

Жылдың үздік бапкері Пауло Рикардо Кака – Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері, командасын Әлем чемпионатының ширек финалына шығарды.

Боранбек Қоныратов – Демеу Жадыраевтың жеке бапкері, ол Олимпиадада күміс медаль жеңіп алды.

Владимир Чебурин – «Жальгирис» командасымен Литва чемпионатының жеңімпазы.

Григорий Бабаян – «Астана» ФК бас бапкері, командасын Конференция лигасының негізгі кезеңіне шығарды.

Дави Мендоса – Футзалдан «Семей» командасын Қазақстан чемпионы етті.

Есбол Сұлтанов – Тэквондодан Тунис құрамасының бапкері, Олимпиадада бір алтын және бір қола жүлде иеленді.

Нұрбол Сүлейменов – Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері, Олимпиадада бір алтын және бір қола медаль.

Рафаэль Уразбахтин – «Қайрат» ФК-ны чемпиондыққа жеткізді.

Жылдың үздік спортшысы (әйелдер)

Абиба Әбужақынова – Абу-Дабиде өткен дзюдодан Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді, Олимпиадада қола үшін күрескен. 

Бибісара Асаубаева – Шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Барыс» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды. 

Жәмилә Бақбергенова – Әлем чемпионатында олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленді. 

Назым Қызайбай – 50 кг салмақта бокстан Олимпиада қола жүлдегері. 

Нұрила Асанқызы – Қазақстан тарихындағы алғашқы жекпе-жек самбосынан әлем чемпионы. 

Жыл жаңалығы

Александра Ле мен Ислам Сатпаев – Париж Олимпиадасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден жұптық кездесуде қола медаль иегерлері.

Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-приде финалға шыққан алғашқы қазақстандық спортшы.

«Семей» футзал клубы – Қазақстан чемпионатында «Қайраттың» үстемдігін тоқтатып, Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне шықты.

Жылдың үздік пара спортшысы

Ақмарал Науатбек – Дзюдодан Паралимпиада чемпионы, «Барыс» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.

Давид Дегтярев – Паралимпиадада екі дүркін чемпион атанған алғашқы қазақстандық.

Еркін Ғаббасов – Париждегі Паралимпиадада R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден күміс медаль иегері.

Ерғали Шамей – Дзюдодан 73 кг салмақта күміс жүлдегер. Нұрдәулет Жұмағали – Көру қабілеті шектеулі жүзуші, 100 метрге брасс әдісімен жүзуден Паралимпиаданың финалына шығып, күміс медаль иеленді.

Бұл жоба – үздік спортшылар мен бапкерлердің еңбегін бағалап, қазақстандық спорттың дамуына қолдау көрсетуге тамаша мүмкіндік. Тек жанкүйерлердің дауысы үздіктерді анықтайды!

Спорт жылнамасының ең мықты есімдерін бірге анықтайық! BasSport.kz Telegram арнасына қосылыңыз да, өз дауысыңызды беріңіз!