Елдос Сметов: “Ауылда өскен балалар жалаң аяқ жүрген шығар” (ВИДЕО)
Дзюдо
Әлеуметтік желі
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесуде өзінің балалық шағын еске алып, ауыл өмірінің ерекше тұстарын бөлісті, деп жазады Bassport.kz
“Ауылда өскен балалардың бәрі жалаң аяқ жүрген шығар деп ойлаймын. Біз кішкентай кезімізде топырақта жалаң аяқ жүріп, доп ойнадық. Ол күндер балалық шақтың ең керемет сәттері еді. Қазір байқап отырсам, балалар енді жалаң аяқ жүрмейді ғой. Бірақ ең бастысы – армандау. Бұйырса, сендер де Олимпиада чемпионы боласыңдар деп сенемін,” – деді спортшы.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов жақында жас спортшылармен арнайы кездесу өткізіп, олармен тәжірибесімен бөліскен болатын.