«Мұндайды футболда жиі көрмейсің»: Еуропалықтар Сейсеннің стильіне тәнті болды
Футбол
ФК “Астана”
Белгілі еуропалық спорттық сайт GivemeSport өзінің X желісіндегі парақшасында Алматыда өткен Конференция Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы «Астана» мен «Челси» (1:3) арасындағы матчтағы суық ауа райына назар аударды, деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
«Мұндайды футболда күнде көрмейсің. «Астананың» қақпашысына Қазақстандағы аязды ауа райына байланысты «Челсиге» қарсы матчта бас киім киюге тура келді», – деп жазды ресурс.
Айта кетейік, Конференция Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын кезінде Алматыда ауа температурасы шамамен -10 градус болған.