Қазақстан жалпы командалық есепте Өзбекстаннан қалып қойды
Спортты дамыту дирекциясы
Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан бейресми жалпы командалық есепте Өзбекстанға есе жіберіп, екінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
Біздің жігіттерге 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде бұйырды. Өкініштісі, финалда 9 боксшының бесеуі өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді.
Алтын алған боксшылар:
54 келі. Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаровты жеңді;
86. Бекзат Нұрдәулетов финалда Жасурбек Юлдошевты жеңді;
92 келі. Сағындық Тоғамбай финалда тәжік боксшысы Парвиз Каримовты жеңді;
+92 келі. Айбек Оралбай финалда Абудурешит Ремуланы жеңді.
Жалпы командалық есепте 8 алтын, 2 күміс, бір қола медалі бар Өзбекстан топ жарды. Қазақстан 4 алтын, 5 күміс, бір қоламен екінші орында. Үздік үштікті 1 алтын, бір күміс, 3 қола Тәжікстан түйіндеді.