QFL клубтарға жарты миллиард теңге қарыз : инсайдерлік ақпарат

QFL клубтарға жарты миллиард теңге қарыз : инсайдерлік ақпарат
Футбол

QFL

Қазақстан футбол лигасы ел клубтарына 530 миллион теңгеден астам қарыз екені белгілі болды. Бұл сома жақында аяқталған Лига кубогының төлемдерін есепке алмағандағы көрсеткіш, деп хабарлайды “Серый CARDINAL” Telegram арнасы.

«Жанкүйерлер Лига кубогында “Астана” мен “Жеңіс” тапқан ақшаны талқылап жатқанда, басқа екі турнир бойынша қарыз ешқайда жоғалған жоқ», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жалпы қарыз 530 миллион теңгені құрайды:

260 миллион теңге Қазақстан чемпионаты үшін (әр клубқа 20 миллион теңгеден);

270 миллион теңге Қазақстан кубогы үшін.

Қазақстан кубогындағы сыйақылар әртүрлі мөлшерде бөлінген. Мысалы:

«Ақтөбе» клубына – 65 миллион теңге,

«Атырауға» – 40 миллион теңге,

«Тобыл» мен «Елімайға» – 30 миллион теңгеден төленуі керек.

«Сыйақылар титулды демеушіден бөлінеді деп есептейміз, бірақ бұл букмекерлік компания өз міндеттемелерін орындады ма, жоқ па, белгісіз. Егер орындаса, клубтар ақшаны енді Лига тарапынан талап етуге құқылы», – деп атап өтті арна.

Мұндай жағдай бұған дейін де болған. 2024 жылдың мамыр айында, Қазақстан Суперкубогы үшін сыйақы төлеу барысында, басқа букмекер барлық соманы уақытында аударған, бірақ ұйымдастырушы тараптың кінәсінен төлемдер кешіктірілген. Ол кезде мәселені БАҚ-та көтеру арқылы ғана шешу мүмкін болды.