Биатлоннан Әлем Кубогінің басталуына 5 күн қалды
Қазақстан биатлон федерациясы
Осы қысқы маусым биатлоншылар үшін аса маңызды. Жыл сайынғы Әлем Кубогінің 9 кезеңі мен Әлем Чемпионатынан бөлек, биыл мерген шаңғышыларды Дүниежүзілік қысқы Универсиада мен қысқы Азия ойындары күтеді. Одан бөлек, бұл маусым Олимпиадаға іріктеу кезеңі болып табылады, деп хабарлайды Bassport.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшыларымыздың соңғы жарыстардағы прогресін ескерсек, ел қоржыны осы маусымда жүлдеге толады деп сеніммен айта аламыз. Мәселен, өткен жылы ерлер құрамасы әлем чемпионатының эстафета сайысында отандық биатлон тарихында алғаш рет үздік ондыққа енді. 2023 жылғы қысқы Универсиадада 2 алтын, 1 күміс және қола жүлдені иеленсе, 2017 жылы Саппорода өткен соңғы Азия ойындарында барлығы 7 жүлде қорының алтауына қол жеткізді.
Қазіргі таңда ұлттық құрама Финляндияның Контиолахти қаласында Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өтуде. Маусымның алғашқы жарысы 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында өтеді. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мақсат Шарановтың айтуынша, Азия ойындарына арнайы іріктеу сайыстары өтпейді.
Әлем Кубогінің алғашқы 3 кезеңінің қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар осы бір басты стартта бақ сынайды. Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде ел намысын ерлер командасы сапында Александр Мухин, Асет Дюсенов, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес, ал қыздар құрамасында Галина Вишневская-Шепоренко, Ольга Полторанина, Арина Крюкова және Полина Егорова қорғайды.
Екінші Әлем Кубогі кезеңі Австрияның Хохвильцен қаласында 13-15 желтоқсан аралығында өтеді.