Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында топ жарды
Дзюдо
Kaz_Judo_Team
Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде бірінші орынға жайғасты.
Жеңіс тұғырына көтерілген:
Алтын:
Гүлхан Шыңғысхан (-48 кг)
Расул Мұқым (-81 кг)
Күміс:
Әсел Русланова (-48 кг)
Даниял Сейілхан (-50 кг)
Алтынбек Қонысбай (-60 кг)
Қола:
Нұрдос Досберген (-60 кг)
Марғұлан Игілік (-60 кг)
Әділжан Жаудинов (+90 кг)
Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысты.