Лига Кубогінің финалында “Жеңіс” пен “Астана” бақ сынасады

Лига Кубогінің финалында “Жеңіс” пен “Астана” бақ сынасады
Футбол

ФК “Жеңіс”

Бүгін, 23 қарашада, Түркістанда Лига Кубогiнiң финалдық матчы өтеді. Алаңда елордалық “Жеңіс” пен “Астана” клубтары бақ сынайды, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Ойынның басталуы сағат 15:00-ге жоспарланған. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасы мен ҚФЛ-дің ресми сайты көрсетеді.

Айта кетейік, финалға жеткен екі команда  89 миллион теңгеден табыс тапты. Ал турнир жеңімпазы өз бюджетіне тағы 40 миллион теңге қосады.