"Барыстың" экс-ойыншысы ҚХЛ командасымен келісімшартын үзді
Хоккей
"Авангард" хоккей клубы қорғаушы Даррен Дицпен келісімшартты үзгені туралы ресми мәлімдеді, деп жазады BasSport.kz.
Қорғаушымен келісімшарт екі жақтың келісімі негізінде тоқтатылған. Даррен Диц омбылық клуб сапын осы жылдың мамыр айында толықтырып, екі маусымға арналған келісімшартқа қол қойған.
Соңғы рет канадалық қорғаушы 31 қазанда Омбыда "Лада" командасына қарсы ойында мұз айдынға шыққан.
Жалпы, осы маусымда Диц 18 ойында 4 (1+3) ұпай еншілеген.
Бұған дейін ол "Барыс" пен ЦСКА намысын қорғаған. Қорғаушы Лигада 446 матч өткізіп, 233 (233+145) ұпай еншілеген.