Роллан Серіков ҚР Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды
ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы қызметіне Роллан Серіков тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Роллан Серікұлы Серіков 1979 жылы дүниеге келген. PhD докторы.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз университеті) тәмамдаған. Әр жылдары жоғары білім саласында оқытушы, басқарма басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарды.
2017-2020 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді ұйымдастыру және өткізу департаментінің басшысы.
2021-2023 жж. – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (Астана қ.), Qazaq kuresi қауымдастығында басшылық қызмет атқарды. Спорт, құрылыс, жылжымайтын мүлікті басқару және т.б. салаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
2023-2024 жж. – ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2019 ж.), «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен (2024 ж.) марапатталған.
50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.