«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангард» құрамын толықтырды
Хоккей
ХК “Барыс”
Хоккейден ҚХЛ клубы «Авангард» 26 жастағы канадалық шабуылшы Майкл Маклаудпен маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Биылғы маусымды Маклауд «Барыс» сапында бастаған болатын. Ол астаналық команда үшін 16 матч өткізіп, 6 (3+3) ұпай жинады.
Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) Маклауд «Нью-Джерси Девилз» командасының намысын қорғады. Бұл лигада ол 299 ойынға қатысып, 31 гол соғып, 60 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, 2018 жылы Канада құрамасының сапында жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, «Авангардта» ол 9-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.