Майк Тайсон қарсыласы Джейк Полды шапалақпен тартып жіберді (ВИДЕО)
RingSide24
Аңызға айналған Майк Тайсон мен танымал блогер Джейк Пол 15 қарашада (Астана уақытымен 16 қараша күні таңда) өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Шара барысында қос боксшы журналистермен кездесіп, жекпе-жекке дайындықтары туралы айтты. Алайда, дәстүрлі «көз атысу» рәсімі күтпеген жағдаймен аяқталды — Тайсон қарсыласын шапалақпен тартып жіберіп, «Әңгіме осымен бітті» деп, залдан шығып кетті.
Оқиғаға Джейк Пол да өз пікірін білдіріп: «Ол мені қатын секілді ұрды, енді бұл менің жеке мәселем! Ол өлу керек», — деп айқайлады. Дегенмен, Пол Тайсонға физикалық қарсылық танытқан жоқ.
Боксшылардың салмақтары шамалас екені белгілі болды. Тайсон Джейктен бар болғаны жарты келіге ғана ауыр.
Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған және оның нәтижесі екеуінің де кәсіби рекордына жазылады. 58 жастағы Майк Тайсон үшін бұл — кәсіби рингке 19 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек. Оның мансабында 58 кездесу өткізіп, 50 жеңісі бар. Ал, Джейк Пол осы уақытқа дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ында жеңіске жеткен.