Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі Қазақстанда өте ме?

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі Қазақстанда өте ме?
Жекпе-жек

Abai.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін Қазақстанда өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz

Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов министрге елімізде туризмді дамыту мақсатында Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы сияқты спортшылардың жекпе-жектерін Қазақстан аймақтарында ұйымдастыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Министр Мырзабосыновтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекет пен халықтың қолдауымен болашақта Жәнібек Әлімханұлының бір жекпе-жегін Қазақстанда өткізу мәселесі талқылануда.