Лев Скворцов: "Астана" чемпион бола алмаса, өкінішті
Футбол
KFF
Қазақстан құрамасының қорғаушысы, бұған дейін «Астана» клубының намысын қорғаған Лев Скворцов бұрынғы командасының ағымдағы маусымдағы жетістіктері туралы пікір білдіріп, сондай-ақ астаналықтардың «Жетісуға» қарсы ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Астана» чемпион болуды қатты қалады, Қазақстан чемпионатына барлық күшін салды және Конференциялар лигасынан бас тартты. Сондықтан «Астана» чемпион бола алмаса,өкінішті болады», – деді Скворцов.
23 турдан кейін ҚПЛ-де көшбасшы – «Қайрат». Алматы командасының еншісінде 44 ұпай бар. Екінші орында – «Астана» (43), ал үшінші орында – «Ақтөбе» (40).
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан премьер лигасының соңғы туры өтеді.