Есентай Иманханов Әлем чемпионатындағы екінші алтынды алды
Басқа
Спортты дамыту дирекциясы
Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екірші күнінде Есентай Иманханов (спорттық самбо) үздік шықты.
64 келіде өнер көрсеткен шешуші сында Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновтан соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, кеше аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай алғашқы алтынды әперген болатын.