Темірлан Көлбай Әлем чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы
Спорттық самбодан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өткен жарыста +98 келі салмақта сынға түскен Темірлан Көлбай финалда Моңғолия спортшысы Пуревдорж Дамдинсуренді жеңіп, алтын медаль иеленді.
Алғашқы айналымдарда Жапония өкілі Кеничи Накаяма мен Гондурастық спортшы Бред Флоресті сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті. Өзбек спортшысы Нұрбек Тураев пен бейтарап спортшы Степан Солдатенковты да артқа тастап, финалға жолдама алды. Ең шешуші кезеңде Пуревдорж Дамдинсуренді жеңіп, өз шеберлігі мен күшін тағы бір мәрте танытты.
Айта кетейік, 8-10 қараша арылығында Астана қаласында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағип жандар арасында самбодан Әлем чемпионаты өтуде.