ҚФФ Президенті лауазымына үміткерлер белгілі болды
kazfootball.kz
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Президенті лауазымына бес кандидат бақ сынамақ, деп хабарлайды, Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Тимур Турлов– Freedom Holding Corp. негізін қалаушы, ҚФФ атқару комитетінің мүшесі. Ол соңғы жылдары жастар футболын дамытуға қомақты қаражат салып, жеке инвестициямен қаржыландырылған QJ League турнирін бастады.
Дархан Калетаев– бұрынғы саяси қызметкер, Қазақстанның Украинадағы экс-елшісі. Бұған дейін ҚФФ атқару комитетінің мүшесі және «Астана» ППСК қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды.
Нұрлан Уранхаев, Абай облысының әкімі, өңірде футбол инфрақұрылымын дамытып, 2022 жылдан бері «Елімай» клубын қайта жандандыруда.
Ермек Маржикпаев– Қазақстанның экс-туризм және спорт министрі, қазіргі уақытта Премьер-Министр кеңесшісі.
Берік Қаниев– кәсіпкер және «Жас-Қыран» орталығының жетекшісі. ҚФФ үшін «Қазақстан халқына футбол» атты реформалық бағдарламасын ұсынып, инфрақұрылымды жаңартуға және жас ойыншыларды дамытуға назар аударды.
Айта кетейік, бұл тізімге басқа да кандидаттар қосылуы мүмкін.