Билли Джин Кинг Кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

Билли Джин Кинг Кубогында ел намысын кімдер қорғайды?
Теннис

KTF

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы 16-17 қараша күндері Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф кезеңінде Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Қарсылас командада рейтингте жақсы көрсеткіштерге ие спортшылар бар: Да Ён Бак (WTA 331), Со Хен Пак (WTA 257), Ку Ён Ву (WTA 417) және Ким Дабин (WTA 331). 

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин алдағы матчқа мықты құрамды жасақтады. Команда сапында әлемнің үздік ондығындағы Елена Рыбакина (WTA 6), тәжірибелі Зарина Дияс (WTA 383), Юлия Путинцева (WTA 29), Анна Данилина (WTA 895) және жас талант Жібек Құламбаева (WTA 328) сынды спортшылар ел намысын қорғайды.