ҚПЛ клубы Қазақстан құрамасының ойыншысын "Қайраттан" сатып алғысы келді
Футбол
KFF
Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Vesti.kz тілшісімен әңгімесінде осы маусым аяқталғаннан кейінгі болашағы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz
Қазіргі таңда Анарбеков "Жеңіс" командасында жалға ойнап жүр, ал ойыншының құқығы алматылық "Қайрат" клубына тиесілі.
"Мен бұл маусымнан кейін нақты "Қайратқа" ораламын, себебі жалдау мерзімі аяқталады. "Жеңіс" мені өздерінде қалдыруды қалады, олар мені сатып алуға дайын болды, бірақ сатып алу сомасы тым жоғары. Енді келесі маусымда "Қайратта" негізгі қақпашы орны үшін күрескім келеді", - деді 22 жастағы қақпашы.Анарбеков осы маусымда "Жеңіс" сапында барлық турнирлерде 18 ойын өткізіп, оның төртеуінде қақпасын құрғақ ұстады. Сондай-ақ, ол астаналық клубтың Лига Кубогы финалына шығуына көмектесті, онда "Жеңіс" "Астана" командасымен кездеседі.
Айта кетейік, осы маусымнан кейін "Қайрат" бірден екі қақпашысынан айырылуы мүмкін: ресейлік Вадим Ульяновқа Еуропадан ұсыныстар түсіп жатыр, ал Қазақстан құрамасына үміткер Данил Устименко клубты еркін агент ретінде тастап кетуді жоспарлап отыр.