Головкин мен Хабибтың бұрынғы бапкері бокстан Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына дайындығын басқарады
Instagram: @camacho100
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны бас бапкер Қайрат Сәтжановтың және америкалық мамандар Кристофер мен Дарио Камаччоның жетекшілігімен өтуде. Камаччо ағайындылары спортшылардың физикалық дайындығын жақсартуға бағытталған жұмыстармен айналысуда.
Еске сала кетейік, америкалық жаттықтырушы Кристофер Камаччо Геннадий Головкинмен және UFC-дің экс-чемпиондары Даниэль Кормье, Люк Рокхолд, Хабиб Нурмагомедовпен жұмыс істеген тәжірибелі маман.
Камаччо Қазақстан құрамасына Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен қосылды.
Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді.