“Астана” қақпашысы өзінің дебюттік матчында үздік ойыншы атанды
ФК “Астана”
“Астана” сырт алаңда “Пафосқа” қарсы Конференциялар Лигасының жалпы кезеңі аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz
Қазақстандық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян чемпиондық атақ үшін шешуші матч алдында негізгі ойыншыларға демалыс беруді жөн көрді. Нәтижесінде алаңға тоғыз қазақстандық және екі легионер шықты.
“Пафосқа” қарсы “Астананың” құрамы: Мұхаммеджан Сейсен, Тимур Досмағамбетов, Марат Быстров, Александр Марочкин, Абзал Бейсебеков, Барнс Осей, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов, Ннамди Аханону, Станислав Басманов, Рамазан Каримов.
Ерекше атап өтерлігі – 25 жастағы қазақстандық қақпашы Мұхаммеджан Сейсеннің еурокубоктағы дебюті. Бұған дейін “Астананың” қақпасын хорватиялық Йосип Чондрич қорғаған болатын.
Бірінші таймда қазақстандық қақпашы жеті сейв жасаса, кипрліктер қақпасына бірде-бір соққы түспеді. Бірінші таймда қазақстандықтар қақпаларын голдан қорғап қалды.
Екінші таймда да ойын сол қарқында жалғасып, Сейсеннің сейвтер саны 12-ге жетті. Тек 87-минутта “Пафос” ойыншысы Андерсон Силва баспен соққы жасап, қақпаны дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.
Матч есебі – 1:0, “Пафос” пайдасына.
FlashScore порталының бағалауынша, Мұхаммеджан Сейсен екі команда арасындағы ең үздік ойыншы атанып, 10 баллдан 8.6 ұпай алды. Қарсыластар сапында шабуылшы Муамер Танкович 7.9 балл жинады.
Конференциялар Лигасының жалпы кезеңіндегі үш матчтан кейін “Астана” 25-ші орында болса, “Пафос” алты ұпаймен тоғызыншы орында, ал лондондық “Челси” армяндық “Ноаны” 8:0 есебімен ұтып, кезеңнің көшін бастап келеді.
Айта кетейік, “Астана” алдағы уақытта “Челсиге” қарсы ойнайды. Бұл кездесу 12 желтоқсанда Алматыдағы “Орталық стадионда” өтеді деп жоспарланған, ал билеттер 21 қарашадан кейін сатылымға шығарылады.