“Семей” “Қайраттан” басым түсті

ФК «Семей»
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты аясында «Семей» «Қайраттан» 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz
Екі команданың бапкерлері де осындай маңызды матчта негізгі қақпашыларын емес, Атантаев пен Серіковке сенім білдіруді шешті. Екі қақпашы да өз міндеттерін мінсіз атқарды. Тек екінші таймның ортасына қарай “Семей” допқа иелік етіп жатқанда, Игита Атантаевты алмастыра бастады, бұл Леоның шабуылдарға қатысуына мүмкіндік берді.
Матчтың 12-минутында Игитаның соққысынан кейін Дедезиньо допты қақпаға бағыттап, есеп ашты. Екі минуттан кейін Феррао шебер соққымен команданың артықшылығын ұлғайта білді. Қорытынды ысқырыққа бес минут қалғанда Рашит бір гол соғып, есепті қысқартты. Соңғы минуттарда “Қайрат” бес ойыншымен ойнағанымен, одан еш пайда болған жоқ.
Голдар:
1:0 Дедезиньо
2:0 Феррао
2:1 Рашит