Жәмила Бақбергенова - әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері
Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық палуан Жәмила Бақбергенова Тиранада өткен әлем чемпионатында 72 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz
Финалдық белдесуде ол жапон спортшысы Ами Ишимен тартысты кездесу өткізіп, 6:10 есебімен жеңіліс тапты.
Бұл - Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші медальі. Бұған дейін ол 2021 жылы Ослода және 2022 жылы Белградта күміс медаль иеленсе, 2023 жылы Сербияда өткен додада үздік үштікке кірген.
Турнир барысында Бақбергенова молдовалық, чех және моңғолиялық қарсыластарынан басым түсті. Жәмиланың жеке жаттықтырушысы – Нұрсұлтан Теміров.