Ержет Жарылқасын — 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық грек-рим күрес шебері Ержет Жарылқасын Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 63 кг салмақта финалда өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz
Финалда ол Әзірбайжаннан келген Нихат Маммадлыға 1:6 есебімен есе жіберді. Бұл – Әзірбайжан үшін қатарынан екінші алтын медаль және олардың үш бірдей спортшысы әлем чемпионатында финалға шықты.
Естеріңізге салайық, Ержет - егемендік алған жылдан бері грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында күрескен тоғызыншы қазақ балуаны.
Айта кетейік, 24 жастағы Ержет Жарлықасын 2024 жылы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған еді