«Астана» жеңіліс тапты
Футбол
Fc Astana
УЕФА Конференция Лигасының 2-турында елордалық «Астана» клубы «Нью-Сейнтс» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ойынның 7-минутында Рамазан Каримов қақпа бағанасын дәл көздегенімен, 40-минутта қарсылас сапынан Рори Холден гол соғып, есеп ашты. Ал 78-минутта астаналықтардың қақпасына пенальти белгіленіп, оны Макманус сәтті орындады. «Астана» есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, нәтиже өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, бұл кездесуде «Астана» сапында 8 қазақстандық футболшы негізгі құрамда ойнады.