Жаңабаева әлем чемпионатында қарсыласын нокдаунға жіберді

Жаңабаева әлем чемпионатында қарсыласын нокдаунға жіберді
Бокс

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Аружан Жаңабаева 63 келідегі алғашқы айналымда ресейлік Милана Дзугаевадан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz


Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап Аружан белсенді шабуыл жасап, бірінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға түсірді. Жаңабаева кездесуді толық бақылауда ұстап, нақты әрі күшті соққыларын сәтті бағыттай алды. Ресейлік боксшы қарсылық көрсетуге тырысқанымен, қазақстандық спортшының басымдығы айқын болды. Төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді – 4:0.


Енді Жаңабаева 1/8 финалда Венесуэла спортшысы Диас Мартинеспен жұдырық түйістіреді.