«Барыс» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында отандық «Барыс» «Сибирьді» тізе бүктірді, деп хабарлайды Bassport.kz


Матчтың 1-кезеңінде Антон Бурдасовтан пас алған Әділ Бекетаев есеп ашты. Екінші кезеңде қарсыластар есепті теңестіргенімен, шешуші кезеңде Антон Бурдасов команданы алдыға шығарса, Иван Николишин кездесу соңына қарай бос қақпаны дәл көздеп, ойынға нүкте қойды.


Айта кетейік, «Барыс» келесі турда қытайлық «Куньлунь РС» командасын қабылдайды