Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болды
Бокс
Ашық дереккөз
12 қазанда бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселенің бірі - жаңа құрама капитанын сайлау.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, дауыс беру нәтижесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды.
Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.