Grand Slam: Мағжан Шамшадин жартылай финалға шықты
Дзюдо
ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Әбу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жартылай финалға жолдама үшін күресте 60 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы тұрды. Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі.
Айта кетелік, осы салмақтағы Дәурен Суюкенов ширек финалда Изнауру Сааевтан жеңілді (Ресей). Енді ол жұбаныш белдесуінде бағын сынайды.