«Семей» футзал клубы Ферраоны ерекше жетістігімен құттықтады
Футзал
«Семей» футзал клубы
Футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионатында 33 жастағы «Семей» клубының бразилиялық шабуылшысы өз құрамасымен әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бразилия құрамасы финалда Аргентинаны 2:1 есебімен басым түсті. Ал Феррао кездесудің 6-минутында гол соғып, құрамасының жеңіске жетуіне үлесін қосты.
– Әлем чемпионы болу – әр спортшының арманы. Бізді қолдаған барша жанкүйерге алғыс айтамын, - деп жазды Феррао Instagram-дағы парақшасында.
Бұл тарихи жеңіспен бразилиялық ойыншыны «Семей» футзал клубының басшылығы да құттықтады.
– Біз Феррао үшін ерекше қуаныштымыз. Мұндай маңызды ойында гол соғып, чемпион атану – шынымен айтулы оқиға. Ферраоның біздің команданың бөлшегі екеніне қуаныштымыз, - деді «Семей» футзал клубының бас директоры Азамат Әселқан.