Бүгін футзалдан әлем чемпионы анықталады

Бүгін футзалдан әлем чемпионы анықталады
Футзал

Ашық дереккөз

Бүгін футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионаты мәресіне жетеді. Бразилия мен Аргентина құрамалары финалдық матчта кездеседі. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бразилия - Аргентина матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады. Аргентина ширек финалда Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарды. Сондай ақ оңтүсікамерикалықтар үш жыл бұрын өткен жаһан біріншілігінің финалисі атанған болатын.