ӘЧ: Қазақстан футзал құрамасы Аргентинадан ойсырай жеңілді

ӘЧ: Қазақстан футзал құрамасы Аргентинадан ойсырай жеңілді
Футзал

ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесті. Ойынның бірінші таймында гол соғылған жоқ. Ал екінші таймда жеті гол көрдік, өкінішке қарай, оның алтауы Қазақстан қақпасына енді. 22-минута Роса Аргентинаны алға шығарды. Көп ұзамай Клаудиньо гол соқты. Артынша Арриета пенальтиден есепті еселеді. Төртінші голды Корсо соқты. 34-минутта Дәурен Тұрсағұлов есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен ойындағы соңғы екі голды тағы да аргентиналықтар салды. Боло мен Арриета қанжығасын майлады. Қорытынды есеп - 1:6. 

Қазақстан үшін әлем чемпионаты аяқталды. Енді әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина - Франция, Украина - Бразилия матчтары өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1/8 финалда әлем чемпионы Португалия құрамасын қапы қалдырған еді. Ал топтық кезеңде Испаниямен тең түсіп, Ливия мен Жаңа Зеландияны тізе бүктірген болатын.