18-жастағы қазақстандық теннисші Мадридте өткен турнирде топ жарды

18-жастағы қазақстандық теннисші Мадридте өткен турнирде топ жарды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF турнирінде жеңімпаз атанды. Bassport.kz бұл туралы Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы үш сетте де британиялық Элис Гилланнан 6:1, 5:7, 6:1 есебімен басым түсті. Бұл Жиенбаеваның мансабындағы 7-ші жеңіс. Осыған дейін Аргентинада ITF W50 сериясы бойынша өткен жарыста Жібек Құламбаева үшінші айналымда корт иесі Джулия Риеруды 6:3, 0:6, 6:4 есебімен жеңгені хабарланды.