«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында ойсырай ұтылды
Баскетбол
«Астана» БК
«Молот - имени Виктора Лебедева» стадионында пермьдік «Парма» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Астана» командасын қабылдады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ойында «Парма» елордалық клубты 95:63 есебімен ойсырата жеңді.
«Парма» сапынан Ройс Хэмм 21 ұпай жинап, команданың үздігі атанды.
«Астананың» үздік ойыншысы Аскар Майдекин болды, ол 14 ұпай еншілеп, бір нәтижелі пас берді. Қазақстандық клуб сапында Ти Джей Старкс пен Джеймс Мюррэй-Бойлс 13 ұпайдан жинады.