Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі тағы да жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі тағы да жекпе-жекке шақырды
Бокс

Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы доминикандық Карлос Адаместі (24-1, 18 КО) қайта жекпе-жекке шақырды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін де қос боксшы рингте айқаспаса да Twitter желісінде бірін-бірі «түтіп жеген» болатын. 

«Менің Аустралиядағы жекпе-жекте қанша сыйақы алатынымды бәрі біледі. Маған ақша маңызды емес! Маған атақ маңызды! Бокс – бұл бизнес емес. Бұл – спорт. Чемпион чемпионмен төбелесуі керек! Карлос, мен 4 қазан күні Аустралияда жұдырықтасамын. Сенен келісімшарт күтемін. Қаңтар немесе ақпанда айқас ұйымдастырайық. Келісімшартты жібер», - деп жазды Әлімханұлы. 

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Ол 4 қазан күні жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесу өткізеді. Айқас Сиднейде (Аустралия) өтеді.