«Барыс» өз айдынында «Витязь» командасынан жеңіліп қалды

«Барыс» өз айдынында «Витязь» командасынан жеңіліп қалды
Хоккей

Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 28 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу барысында командалар тартысты ойын көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. 

Екінші кезеңде «Витязь» сапынан Иван Чехович 33-минутта мергендік танытса, ойынның бітуіне небәрі 16 секунд қалғанда Николя Баптист қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, жаңа маусымдағы сегізінші жеңілістің ащы дәмін татты. 

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 21 қыркүйекте «Барыс» аталған қарсыласынан (1:4) жеңіліп қалған еді. Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын Астанада өткізіп, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.