Қазақстандық хоккейші допингпен ұсталды

Қазақстандық хоккейші допингпен ұсталды
Хоккей

Pro Hokei Ligasy

Қазақстан хоккей құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов Азия чемпионатындағы жеңістен кейін допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты үш жылға спорттан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz.

“Головой об лёд” YouTube арнасының мәліметінше, Зубовтың сынамасынан тыйым салынған заттың іздері табылған. Допинг-сынама Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңген кезде алынған.

Соңғы маусымнан бері Зубов Өскеменнің “Торпедо” клубында өнер көрсетуде. Қазіргі таңда бұл іс арнайы комиссияның қарауында.

Егер ойыншының допинг қолданғаны дәлелденсе, оған үш жылға дисквалификация қаупі төніп тұр.