18-жастағы қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис
setka-profi.ru
18-жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридтегі ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жиенбаева (WTA рейтингінде 781-орын) швейцариялық Дженни Дерстпен (WTA рейтингінде 419-орын) кездесті. Матч 7:6, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда Соня Элис Гиллан (Ұлыбритания) — Альба Рей Гарсия (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.