Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина - Australian Open турнирінің жеңімпазы

Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина - Australian Open турнирінің жеңімпазы
Теннис

Елена Рыбакина / Сурет: WTA / GETTY IMAGES

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Аустралия ашық біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесіп, матчты брейк-пойнттан бастады және бірінші сетті өз пайдасына жазды - 6:4. Екінші партияда Беларусь өкілі есепті теңестіріп, аналогиялық есеппен сетті өз пайдасына шешті. Шешуші үшінші сетті Арина Соболенко 3:0 есебімен алда тұрған, алайда Рыбакина одан кейін қатарынан бес геймде жеңіске жетіп, нәтижесінде жеңіске жетті - 6:4.

Қазақстанның үздік теннисшісі мансабында екінші рет "Үлкен дулыға" жарысында жеңіске жетіп отыр. Рыбакина 2022 жылы Уимблдон бәсекесінде топ жарған еді.