Төрт құрлық чемпионаты: Софья Самоделкина үздік ондыққа енді

Төрт құрлық чемпионаты: Софья Самоделкина үздік ондыққа енді
Қысқы спорт

Софья Самоделкина / Сурет: Getty Images

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Софья еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 120,22 ұпай жинады. Жалпы есепте қазақстандық спортшы 182,51 ұпай жинап, нәтижесінде тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Амира Ирматова да өнер көрсетті. Ол 123,20 ұпай жинап, 21-ші орынмен жарысты аяқтады.

Үш жүлдені де Жапония құрамасының спортшылары жеңіп алды. Юна Аоки 217,39 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Ами Накай 215,78 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Моне Тиба 202,23 ұпай алып, үздік үштікті түйіндеді.