Қазақ баласы Australian Open-де тарих жасады

Қазақ баласы Australian Open-де тарих жасады
Теннис

Заңғар Нұрланұлы / Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген. Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонға қарсы келді. Бірінші партияда гонконгтық теннисші 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 Шешуші, үшінші партияда есеп 3:1 болған мезетте Томпсон доп бергенде, Заңғар аяғынан жарақат алып қалды. Ақсаңдап әзер жүрсе де, ол брейк жасай алды – 4:1. Бірақ келесіде өз геймін беріп қойды – 4:2. Дегенмен матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады.