Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі
ҚФФ
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, қазақстандық футзалшылар екеуінде қарсыласына есе жіберді.
Алдымен 2000 жылы әлем чемпионатының бірінші кезеңінде аталған қарсыласқа 2:6 есебімен жол берді. Ал, 2021 жылы жартылай финалда ел құрамасы олармен негізгі және қосымша кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:5 есебімен жол берді.
Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.
Қазақстан құрамасы қазірге дейін әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Биыл әлем чемпионатында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.
Қазірге дейін әлем чемпионатының ширек финалына Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла құрамалары жолдама алды.
Сондай-ақ бүгін 1/8 финалда Иран мен Марокко кездессе, 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия ойнайды.