Түркістанда бокстан Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Түркістанда бокстан Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
Бокс

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сейілхан Саттарханұлы - Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Cаттархановтың әкесі. Өнегелі өмірін шаһардың дамуына арнаған жан. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл Саттарханова жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыста 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Спорт додасында Түркістан қаласы мен Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Отырар, Сауран, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген 70-ге жуық жас спортшы бақ сынасуда. Айта кетейік, бокстан өтіп жатқан турнирдің финалы 21-қыркүйекте өтеді.